dts.gov.kz

Қызметтер

Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапы (ҚР СбҮТ) келесінің аясында қызметін көрсетеді:
– Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ЕАЭО ИАЖ) трансшекаралық мекемеаралық өзара әрекеттесу үшін. ЕАЭО ИАЖ үшін ҚР СБҮТ электрондық цифрлық қолтаңбаны тексеру түбіртегін XML форматында береді.

Трансшекаралық электрондық әрекеттесу үшін мемлекеттік және мемлекеттік емес ақпараттық жүйелер аясында. ҚР СБҮТ бұл әрекеттесу түрі үшін түбіртекті келесі ұсынымның негізінде береді RFC 3029 Internet X.509 Public Key Infrastructure Data Validation and Certification Server Protocols.

ЕАЭО ИАЖ аясында әрекеттесу келесі түрде жүзеге асырылады:

Қазақстан Республикасының мемлекеттік және мемлекеттік емес ақпараттық жүйелер аясында:

1. Ақпараттық жүйе (ҚР СБҮТ-мен интеграцияланған) пайдаланушының ЭЦҚ-сын тексеруге сұрау жібереді;
2.1 Егер, ақпараттық жүйенің пайдаланушысы ҚР СБҮТ-да тіркелген куәландыру орталығымен берілген тіркеу куәлігінің (сертифкаттың) иесі болса.
2.2 Егер, шетел СБҮТ ҚР СБҮТ-да тіркелген болса және пайдаланушының тіркеу куәлігі тиісті шетел куәландыру орталығында алынған болса.
3.1 Тіркеу куәліктерінің (сертификаттардың) мәртебесі туралы мәліметті алу.
3.2 ЭЦҚ-ны тексеру бойынша түбіртекті алу.
4. ЭЦҚ-ны тексеру бойынша ҚР СБҮТ-нің түбіртегін беру.