dts.gov.kz

Тіркеу

СҮБТ тіркеу

1. ҚР СБҮТ шетел СБҮТ-ын тіркеуді келесі шарттардың орындалуы кезінде жүзеге асырады:
1) Шетел мемлекеттің СҮБТ-ның негізгі және (немесе) аралықтағы тіркеу куәлігі ITU Телекоммуникация бойынша халықаралық одақтың X.509 (3-нұсқасы) стандартының талаптарына сәйкес болуы тиіс;
2) Шетел мемлекеттің СҮБТ-ның немесе шетел мемлекеттің СҮБТ-на тіркеу куәлігін берген куәландыру орталығының ҚТКТ нормативтік техникалық құжаттамада URL адресі бекітілген Интернет желісінде қолжетімді. ҚТКТ-нің қолжетімділік режимі – 24/7/365. ҚТКТ-нің жарамдылық мерзімі 24 сағаттан бастап 27 дейін, ҚТКТ-ні шығару мерзімі 1 тәуліктен кем емес;
3) Шетел мемлекеттің СҮБТ-ы сертификатталған АКҚҚ-ын қолданады.
2. Шетел мемлекеттің СҮБТ-ын тіркеу «ҰАТ» АҚ және шетел мемлекеттің СҮБТ арасында ЭЦҚ-ны өзара тексеру туралы келісімін жасасу арқылы жүзеге асырылады.
ЭЦҚ-ны өзара тексеру туралы келісімін жасасу үшін шетел мемлекеттің СҮБТ-ы «ҰАТ» АҚ-ға қажетті құжаттарды ҚР СБҮТ регламентінің сәйкес ұсынады (ҚР СБҮТ ережелері).

Қазақстандық КО-ны тіркеу

1. Қазақстан Республикасының куәландыру орталықтарын ҚР СБҮТ-да тіркеу келесі шарттардың орындалуы кезінде жүзеге асырылады:
1) куәландыру орталықтың тіркеу куәлігі ITU Телекоммуникация бойынша халықаралық одақтың X.509 (3-нұсқасы) стандартының талаптарына сәйкес болуы тиіс;
2) Қазақстандық куәландыру орталығының ҚТКТ-сы нормативтік техникалық құжаттамада URL адресі бекітілген Интернет желісінде қолжетімді. ҚТКТ-нің қолжетімділік режимі – 24/7/365. ҚТКТ-нің жарамдылық мерзімі 24 сағаттан бастап 27 дейін, ҚТКТ-ні шығару мерзімі 1 тәуліктен кем емес;
3) Куәландыру орталығында келесі криптографиялық алгоритмдердің біреуі жүзеге асырылған: ГОСТ 34.310-2004, ГОСТ 34.10-2001 немесе RSA#2048;
4) Қазақстан Республикасының куәландыру орталығы сертификатталған АКҚҚ-ын қолданады.
2. Қазақстан Республикасының куәландыру орталығын тіркеу Куәландыру орталығын ҚР СБҮТ-да тіркелу туралы «ҰАТ» АҚ-мен жасасқан келісімнің (бұдан әрі – Тіркеу туралы келісім) негізінде жүзеге асырылады. Тіркеу туралы келісімді жасасу үшін Қазақстан Республикасының куәландыру орталығы «ҰАТ» АҚ-ға қажетті құжаттарды ҚР СБҮТ регламентінің сәйкес ұсынады. (ҚР СБҮТ ережелері).

Шетелдік КО-ны тіркеу

1. Шетелдік куәландыру орталықтарын ҚР СБҮТ-да тіркеу келесі шарттардың орындалуы кезінде жүзеге асырылады:
1) Шетелдік куәландыру орталықтың негізгі тіркеу куәлігі ITU Телекоммуникация бойынша халықаралық одақтың X.509 (3-нұсқасы) стандартының талаптарына сәйкес болуы тиіс;
2) Шетел куәландыру орталығының ҚТКТ-сы нормативтік техникалық құжаттамада URL адресі бекітілген Интернет желісінде қолжетімді. ҚТКТ-нің қолжетімділік режимі – 24/7/365. ҚТКТ-нің жарамдылық мерзімі 24 сағаттан бастап 27 дейін, ҚТКТ-ні шығару мерзімі 1 тәуліктен кем емес;
3) шетел куәландыру орталығы мекені мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған және қызметін атқарады;
4) шетел куәландыру орталығы қызметін мемлекетінің территориясында 5 жылдан кем емес атқарады, бұған ерекшелік мемлекеттік куәландыру орталықтары болып табылады;
5) шетел куәландыру орталығы сертификатталған АКҚҚ-ын қолданады және ЭЦҚ құралдарын тек кілттік ақпаратты қорғайтын құрылғыларында береді.
2. Шетел куәландыру орталығын ҚР СБҮТ-да тіркелу туралы «ҰАТ» АҚ-мен жасасқан Тіркеу туралы келісімі негізінде жүзеге асырылады.
Тіркеу туралы келісімді жасасу үшін шетел куәландыру орталығы «ҰАТ» АҚ-ға қажетті құжаттарды ҚР СБҮТ регламентінің сәйкес ұсынады (ҚР СБҮТ ережелері).